ГКП «КОБДИНСКАЯ РБ» » Новости » Ақтөбе облысы. Қобда ауданы,Әлия дәрігерлік амбулаториясының ұжымына Алғыс!

Ақтөбе облысы. Қобда ауданы,Әлия дәрігерлік амбулаториясының ұжымына Алғыс!


  • Просмотры: 177


Менің анам Казиева А.К.-1944ж.туған осы 2022 жылдың 29.09.-нан бастап аяқ астынан әлсіреп, сырқаттанып қалды.Сол кезде ауылымыздың бас дәрігері  Толқын Сәлімгерейқызына хабарласып үйге шақырту жасадым.Анама денсаулығына байланысты анализдерге талдау жасатып, дертіне емін тағайындады. Күн сайын м/б қыздар арқылы  хабарын, жағдайын бақылап отырды. Соның ішінде м/б Гүлсім, Гүлнұр, Үміт. Кейін жолдамамен Ақтөбе қаласына Қуаныш клиникасына КТ.ОБП түсіруге жіберді.  Сол кездегі анамның жағдайын түсініп, Қобда аудандық ауруханасының басшылығымен кеңесіп, жедел жәрдем Реанимобиль көлігін сұратты.Қазіргі таңда аллаға сансыз шүкір, анамның денсаулығы жаймендеп қалпына келуде. Бұған себепші болған бірінші жаратушы ием көкТәңіріме! Қыдыр ата! Жанарыс ата!сонымен қатар бір жыл үзбей ішкен өзіміздің ата- сусынымыз капсула түріндегі саумалдың құдыреттілігімен және де дәрігерлер ұжымының үлкен септігі тиді дегім келеді. Осы алғысты жаза отырып, Қобда аудандық ауруханасының да анама  жәрдем берген басшыларына Тотанов А.С.Есенгосов Б.Е.дәрігерлер: Жумашев А.С.Батырова Ж.Ж.Егизбай А.Е.лаборант-Ернур,Наташа.Сонымен қатар жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Жайық.Ж. ерен еңбектері үшін алғысым шексіз. Және де былтыр елімізді жайлаған КОВИД індеті кезінде ауылдың әр үйін жағалап ауырған науқастарға емін жасап, аурудан айығуына үлкен үлестерін қосты.Әр ауырған адамның денсаулығына алаңдап, көңіліне қарап, жазылып кетуіне күні-түні себепші болып, оны бірі біледі, бірі елемей де жатады.Сөзімді қорыта келгенде жоғарыдағы есімдері жазылған азаматтар мен азаматшаларға отбастарына аманшылық, мықты денсаулық, еңбектерінің жемісін көріп, бала шағаларының қызықтарын көрсін. Әрдайым жүректеріңіз кең, пейілдеріңіз ақ, ниеттеріңіз адал болып, халыққа жасап жатқан жақсылықтарыңыз өздеріңізге шексіз сауапқа жазылсын. Әр күндеріңіз жағымды жаңалыққа, қуанышқа толы болсын. Шаңырақтарыңызға алланың нұры жаусын.         И.т. Әлия ауылы тұрғыны Шара Мерекеқызы
Похожие новости
Ошибка!
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.